Велошабандоздардың арқасында картоп езбесінің пайдасы анықталды
Зерттеушілердің ойынша, бұл ас адам ағзасына көмірсутек гелі сияқты әсер етеді. Сондықтанда езбені жаттығу кезінде тұрақты пайдалануға болады
Бұл туралы Иллинойс Университетінің ғалымдары мәлімдеп отыр, деп жазады Корреспондент.net сайты.
Олар эксперимент үшін күнделікті велосипедпен 267 км жүретін 12 адамды іріктеп алған. Олар үш топқа бөлінді. Бір бөлігі жаттығу кезінде су ішсе, бір бөлігі – көмірсутек гелін, үшіншісі – картоп езбесін жеген.
Ары қарай қатысушылардың қан құрамындағы глюкоза, дене температурасы мен асқазаны бақылауда болды.
Нәтижесінде гель мен картоп жегендердің қанындағы глюкоза мөлшері бірдей болып шыққан. Ал су ішкен топқа қарағанда екі топтың жаттығуы нәтижелі.