Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

Көктайғақта апаттық жағдайға ұшырамау үшін не істеу керек?

Жаңа үйреніп жүрген және әккі көлік жүргізушілері үшін тайғақ жолға тап болғанда не істеу керектігі туралы мамандардан пайдалы кеңестер

Жер-жердегі қарлы боранға жеңіл-желпі көктемнің мың құбылмалы мінезі қосылып, абат елді ала айрандай етті. Алыс жол болсын, үйіңнің жанындағы жұмысқа барсаң да «тар жол, тайғақ кешудің» күйін кешесің. Біріншісіне келгенде өмір мен өлімнің әлдиі қатар жүретіндей. Сондықтан, кез келген алдын-алу шараларын білу кімге де болсын ауадай қажет.

- Жылдың қай мезгілі болмасын «тұтатқыш» сымдар, дәрі қобдишасы, жабысқақ лента, қолшам, буксир тросы, домкрат, жел үрлегіш құрал, дөңгелек кілттері мен құралдар жинағы міндетті түрде болу керек. Жолға шықпас бұрын қосымша дөңгелектің жағдайын тексеріп алу керек. Техникалық сұйықтықтардың түрлерін: антифриз немесе тосол, қозғалтқыш майы, тежегіш сұйықтығы немесе қатпайтын майды алған артық етпейді, - дейді тәжірибелі жүргізуші Досжан Тоқтаров.

Қыс мезгілінде қажетті заттардың тізімі тіптен өседі. Алыс жолдың ыстығы мен суығын кешкен жүргізушілер бұл туралы жақсы-ақ біледі. Бәріне дайынмын дегеннің өзінде, бұл жолда ойланатын гәп көп.

- Қыста көлікке міндетті түрде күректі сала жүру керек. Темір тұлпарыңыз толық жетекті болмаса, күрек тіптен қажет болады. Суықта жылы көрпешелер, тоқыма шұлықтар сияқты киім алу керек, - дейді Досжан Тоқтаров. - Айдалада соғатын жел тас жолдағы автокөлікті айтқысыз тез суытады. Ыстық шай құйылған термос пен тағамдарды көптеп алып алған дұрыс. Бір орам майшамды қаражатыңызды аямай алсаңыз жақсы. Бір майшамның қамалған ортада адам үсімейтіндей жылу ұстай алатынына жүргізушілердің көзі әлдеқашан жеткен.

ТЖ қызметкерлері «халықтық» әдіс болсын, қатып қалған қағидалар болсын метеорологиялық жағдайларда көлік қозғалтқышы өшіп, қалса өмір мен өлімнің арпалысында аман қалудың барлық жолдары тиімді болмақ екенін айтады.

- Соның ішінде «халықтық» әдіс бойынша қалыпты нормалар мен өрт қауіпсіздігінің алдын алу шаралары арқылы көлік салонын майшам арқылы жылытуға да болады, - дейді ШҚО ТЖД басшысы, полковник Нұрлан Мадьяров. - Кішігірім мөшекке құм немесе топырақ салып алған да дұрыс. Егер көлік мұзда тайғанаса, қарды тазалап, жетекші дөңгелектердің астына топырақты немесе құмды сеуіп, кез келген тайғақ жолдан шығып кетуге болады. Алыс жолда тайғақтыққа қарсы шынжырлар да жақсы септігін тигізеді, әрине, темір болғаны жақсы, бірақ пластикалық түрлері де жарай береді.

Ұялы телефон жолдағы айнымас құрал. Автокөлікке арналған ұялы телефон қуаттағыштары да міндетті түрде болу керек. Жолға жарық диодты қолшам алған дұрыс екенін ТЖ қызметкерлері ескереді, оның қуаты әлдеқайда көпке жетеді.

- Қысқы алыс жолға шыққанда кейбір бөлшектерді қосалқы ала жүрген дұрыс. Оның ішінде генератор, ГТМ (газ тарату механизмінің) белбеулерін,

білтелер, сақтандырғыштар, егер иіндібілік құрылғысының орнын ауыстыру жеңіл болса, оны да жолға алған артық етпейді. Бірақ мұндай жағдайда кейбір жайттарды ескеру керек, қозғалтқышы инжекторлы келетін көлікті иіндібілік тетігінсіз оталдыра алмайсыз. Трамблері бар көліктерге оның қақпағын немесе трамблердің толық жинағын бірге ала жүрген дұрыс болады, - дейді Нұрлан Әбілбайұлы.

«Адасқанның алды жөн, арты соқпақ» демекші, қалың қардың құрсағында қалған жолаушылар көліктерін медиен далаға қимай жататын жағдайлар да болып тұратын көрінеді.

- Құтқарушылар бірінші кезекте адамдарды алып шығады, бірақ адамдардың көліксіз шыққысы келмей жататын жағдайлары жиі кездеседі, мұндай жағдайда жазбаша түрде бас тарту қағазы алынады, - дейді ТЖ полковнигі. - Егер көлік құралын қар «тұтқынынан» алып шығу мүмкін болса, құтқарушылар бұл жұмысты да істейді. ЖКО орын алған болса көлік құралы эвакуатордың көмегімен шығарылады.

ТЖ қызметкерлері тас жолға зардап шегушілер мен куәгерлердің хабарласуына байланысты шығады. Қозғалыс бойынша құтқарушылар барлығына көмек көрсетуге тырысады.

Айдос Мырзахметов
Следующая →