Қазақстанда «Б» корпусының мемлекеттік қызметкерлері 2017 жылы аттестациядан өтеді
Биыл Қазақстанда «Б» корпсының мемлекеттік қызметкерлері кешенді және бір реттік аттестация тапсыратын болады
Аттестация барысында мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс сапасын арттыру жолындағы біліктілігі тексерілетін болады.
Бағдарламаны құрастыру үшін халықаралық компания қатысып отыр.
Аттестация лауазымдарға байланысты 3 деңгейде өтетін болады. Ең жоғарғы деңгейге департамент, басқарма басшылары және бұл санатқа жататындар қатысады. Екінші деңгейде аттестациялық комиссия мүшелігінде министрліктер мен облыстық әкімдіктерден кіреді, ал сұхбаттасу құзыретті мекемелердің жұмысшыларымен жүргізіледі. Үшінші деңгейге аудандық мемлекеттік қызметкерлер жатады.
Аттестация барлық деңгей үшін төрт кезеңнен тұратын болады.