28 ақпанға арналған әлемдік жаңалықтар реті
Устинка Live жаңалықтар порталы БАҚ аясына өткен түнде түскен саяси, экономикалық және басқа да маңызды жаңалықтар ретін дайындады
Жоғарғы рада депутаты Қырымды АҚШ территориясы деп атады
Жоғарғы рада депутаты Андрей Артеменко 1954 жылы Мәскеу Қырымды АҚШ-қа өтіп кетпесін деп Украинаға берген деген мәлімдеме айтты
Артеменконың айтуынша Қырым негізінде АҚШ-қа өтуі тиіс болған, себебі 1920 жылы Ресейдің АҚШ-тан алған 50 миллион долларлық несиесіне түбек кепіл болған.
- Егер ол қайтарылмайтын болса Қырымды АҚШ-қа береміз деп кепілге қойған. Тіпті «Жаңа Калифорния» деп аталған жоба болған, біреу білсе ол – Қырым территориясы. Қырымды Кеңес одағында сақтап қалу үшін Украинаға берілгеніне сенімдімін, - деді депутат.
Бұл тергеу барысында алты адам қайтыс болып, 25 адам ату жазасына кесілген Еврейлік антифашистік комитет пен сталин заманының жаңғырығына сай теория болуы мүмкін деген болжам бар. Қырымда еврей автономиясын құрып, кейін түбекті АҚШ-қа беру сталиндік тергеушілердің тағатын айыптарының бірі болған. Кейін аталмыш іс бойынша айыпталған 125 адам ақталып шыққан.
АҚШ сенаты Миллиардер Россты сауда министрі етіп бекітті
АҚШ конгресінің жоғарғы палатасы инвестор-миллиардер Уилбур Россты елдің сауда министрлігінің басшысы етіп бекітті.
79 жасар Россқа 72 сенатор дауыс берсе, тек 27-сі ғана қарсы шыққан.
Уилбур Росс банкротқа түскен компанияларды сатып оларды қайта сату үшін қалыпқа келтіретін маман ретінде танымал. Forbes журналы Росстың байлығын $2,5 миллиардқа бағалап отыр.
Осыған дейін АҚШ сенатының комитеті Уилбур Росстың сауда министрлігі комитетінің басшылығына үміткерлігін бекіткені туралы хабарланған болатын.
АҚШ әскери шығынды $54 млрд-қа өсіруді жоспарлап отыр
АҚШ президенті Дональд Трамп Құрама штаттардың жаңа бюджетін қалыптастыру барысында Вашингтон қорғанысына шығынды $54 млрд-қа өсіреді, деп хабарлайды Associated Press.
Трамп сонымен қатар АҚШ инфрақұрылымының модернизациясына шығынды өсіріп, ұтымсыз бағдарламалардың қаржылық қолдауын бәсеңдетпек. Әзірге қай бағдарламалар екені аталған жоқ.
Осыған дейін, Ақ үй АҚШ презиеднті Дональд Трамптың ел қорғанысына шығынды тез өсіру туралы ұсынысын есепке алып жаңа бюджет қалыптастыру керек деген ұсынысын қарайтыны хабарланған.
Берлинсоты екі стритрейсерді өмір бойына қамауға алды
Берлин соты қала орталығында жарыс ұйымдастырып, зейнеткердің қайтыс болуына себепкер болған екі стритрейсерді мәңгі бас бостандығынан айырды
Сотталушы 28 жасар Харви Х мен 25 жасар Марвин Н 2016 жылдың ақпанында көліктерімен жарыс ұйымдастырған. Курфюрстендамм көшесімен кешке 170 километр сағатына жылдамдықпен жарысып келе жатып 69 жасар Михаэл В джипіне соғылған. Қарт оқиға орнында қаза тапқан, деп хабарлайды Bild.
Прокуратура жастарды бірнеше бап бойынша, оның ішінде – өлтіру, өмір бойы бас бостандықтарынан айыруды сұраған. Сот бұл талапты қанағаттандырды. Мұндай үкім стритрейсерлерге бірінші рет шығып тұрғаны да айтылды.
Айыпталушылар сот шешімімен келіспей, шағым түсірмек.
Итальяндық Сицилия аралында Этна жанартауы оянды
Итальяндық Сицилия аралында Этна жанартауы іске қосылды. Лава Этнаның оңтүстік шығыс қыратынан ағылуда.
Лава бұрқағы Этна іргесіндегі Катания қаласының тұрғындарына емес, өзге де жергілікті мекендерден көрінуде. Атқылау жанартаулық бомбалар мен кішігірім жарылыстармен жалғасуда.
Мамандардың айтуынша Этнаның бүгінгі оянуы жергілікті мекенге де, мекемелерге де зиянын тигізбейді. Қала маңында орналасқан әуежай штаттық режимде жұмыс істеуде. Барлық рейстер қалыпты ұшып, қонуда.
Еуропа төңірегіндегі ең ірі ауданда орналасқан тірі жанартау маңайында жерасты соққылары білінген.
Этна жанартауы Сицилия оңтүстігінде орналасқан, Еуропадағы ең ірі және тірі жанартау. Соңғы рет 2016 жылдың мамырында атқылаған.