Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Шығысқазақстандық спортшы Олег Цинн фристайл могулден Францияның Межев қаласында өткен Еуропа Кубогінде жүлдегерлер қатарынан көрінді
ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, ерлер арасында жарыс жолына барлығы 50 спортшы шықты. Францияның Межев қаласында өткен Еуропа Кубогінде Олег Цинн 81.40 ұпай жинап жүлделі үшінші орыннан көрінді. Аталмыш жарыста 85.17 ұпайға ие болған Швеция елінің фристайлшысы Оскар Элофссон жеңімпаз атанды. Күміс медаль 83.56 ұпаймен трасса қожайыны Гаэл Гаэддонға бұйырды. Ал, бұрымдылар арасындағы бәсекеде барлығы 18 спортшы өзара сайысты. Бұл сында сайыс дебютанты шығысқазақстандық Амина Сатекова 13-орынға тұрақтады.
Бұдан бөлек, Еуропа Кубогінде өзге де шығысқазақстандық фристайшылар жүлде алу үшін өз бақтарын сынап көрді. Атап айтсақ, Константин Горлачев 17-ші, Антон Бондарев 21-ші орындарға жайғасса, Дмитрий Шварев 23-ші, ал Сергей Романов 29-шы орынды иеленді.