Азиададан Қазақстан қоржынына 5-ші алтын медаль түсті
Джакартада (Индонезия) өтіп жатқан 2018 жылғы Азия ойындарында қазақстандық Руслан Исраилов джиу-джитсудан алтын медаль жеңіп алды
77 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша турнирдің финалында Исраилов Қырғызстан спортшысынан басым түсті. Қазақстан үшін бұл медаль 39-ыншы және бесінші алтын медаль. Құраманың қоржынында тағы жеті күміс пен 27 қола жүлде бар.
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар:
Золотая медаль на Азиаде Азиатские летние игры 2018 Джиу-джитсу в Казахстане 



