Өскемен
облачно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +1°
  • Қостанай
    +7°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +1°
  • Петропавловск
    +1°
  • Тараз
    +13°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +18°
$
523.2
+1.53
594.3
+1.84
¥
71.67
+0.25
6.38
+0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Спорт Спорт Валерий Чернов
Ақпарат көзі:
Устинка

Қысқы Олимпиада: Екінші күнгі жарыстардан қазақстандықтар орын алған жоқ

Қазақстандықтар бірнеше спорт түрінен өнер көрсеткенімен, сайыста жүлделі орынға ие бола алмады

Скиатлоншы Анна Шевченко 15 шақырымдық қашықтыққа жарысқан 62 спортшының ішінде 36-шы болып келді. Елена Коломина 56-шы болып мәреге жетсе, Валерия Тюленева мәреге жете алмады. Бұл сайыста алтынды Шарлотт Калла (Швеция), күмісті Марит Бьорген (Норвегия), қоланы Криста Пармакоски (Финляндия) алды.

Шорт-трек жарысына қатысқан қазақстандық Денис Никиша 1500 метр қашықтық сайысында мәреге төртінші болып келіп, жартылай финалға өте алмай қалды. Ал Нұрберген Жұмағазиев тепе-теңдік ұстай алмай құлап, мәреге жетпеді. Мұнда Оңтүстік Корея спортшысы Лим Хё-Джун чемпион атанды.

Жеті жарым қашықтыққа жарысқан 87 биатлоншы арасында шығысқазақстандық Галина Вишневская мәре сызығын 30-шы болып, Дарья Климина 58-ші, Ольга Полторанина 83-ші, Алина Райкова 71-ші болып мәре сызығына келді.

Ал шана жарысына биыл Қазақстан алғашқы рет қатысып отыр. Бұдан  Никита Копыренко 40 спортшының ішінде 35-ші болып мәреге жетті.

Әзірше, Германия екі алтын алып, алғашқы орында келеді. Кейін Нидерланды тұр: бір алтын, екі күміс, бір қола. 

Следующая →