Ақмолада шұжықтан уланған екі жасар бүлдіршін көз жұмды
Ақмола облысында шұжық жеген 2,4 жастағы бүлдіршін көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА.
2018 жылдың 17 қазанында Бурабайдағы ауданаралық көпбейімді ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесіне ішек жұқпасы белгісімен 2016 жылы туған (2,4 жастағы) бүлдіршін түскен. Қазанның 19-да жағдайы нашарлауына байланысты бала жансақтау бөлімшесіне жатқызылыпты.
- Дәрігерлер консилиум өткізді. Облыстық балалар инфекционисті балаға "асқынған ми қан айнылымының жетіспеушілігі, гастроэнтероколит типі бойынша протромбин идексі, Ботулизм?" диагнозын қойды. Алайда, бүлдіршін қазанның 20-ы күні сағат 05.40-та көз жұмды. Эпидемиологиялық зерттеу кезінде баланың өліміне Щучинск қаласындағы сауда үйлерінің бірінен сатып алынған жартылай сүрленген шұжық (колбаса) жеуі себеп болғанын анықтады, - деп түсіндірді Ақмола облыстық қоғамдық денсаулықты қорғау департементі.
Сонымен қатар, Бурабайдағы ауданаралық көпбейімді ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесіне зардап шеккен қызбен бір үйде тұрған немере ағасы мен әпкесі де түсті.