ШҚО-да марихуанамен ұсталған азамат ақталып шықты
Тоғыз грамм есірткімен ұсталған тұрғын ақталып шықты
Сот барысында судьялар полицейлердің тергеу кезінде көп кемшіліктер мен заңбұзушылықтар жібергенін анықтай отырып, құқық қорғау органы қызметкерлерінің жалған айып тағуы мүмкін екенін ескеріп, айыпталушыны жазадан босатқан.
Ал айыпталушыға жалған айып таққаны үшін полиция қызметкерлерінен моральды шығын талап ете алатыны ескертілді.
Айып тағушылар болса соттың бұл шешімімен келіспей, апелляциялық арыз тастаған. Алайда сот шешімді өзгертпеді.