Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка

Мысырда жоғалып кеткен қазақстандық 6 студент табылды

ҚР Сыртқы істер министрлігі алты студенттің қай екендіктерін анықтаған. Оларды Каир қаласында құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұстап алған

Мысырда жоғалып кеткен 6 қазақстандық студентті Каирдің құқық қорғау органдары ұстап отыр. Бұл жайында ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Фейсбуктегі парақшасында жазды.

Біздің дипломаттарымыздан Мысырда жоғалған қазақстандық студенттерді іздестіру нәтижесі бойынша алдын ала ақпарат түсті. Жаңа ғана сенімді көздерден алынған ақпарат бойынша аталған қазақстандық студенттерді Каир қаласында құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұстап алған және олар осы елдің аумағында. Олардың өмір мен денсаулығына төнген қатер жоқ», - деп жазды ол.

Жайнақовтың атап өтуінше, қазіргі кезде Қазақстанның Мысырдағы Елшілігі Мысыр тарабынан біздің азаматтарымыздың ұсталуы, қазіргі орны мен жағдайлары туралы ресми жауап талап етуде.

«Таяу арада Қазақстан елшісі Мысыр Сыртқы істер министрінің орынбасарымен осы мәселеге байланысты кездесу өткізбек. Қосымша ақпарат Мысыр тарабымен келіссөздер нәтижесі бойынша хабарланатын болады. Осы мәселе Қазақстан Сыртқы істер министрлігі басшылығының ерекше және үнемі бақылауында», - деді Әнуар Жайнақов.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанның алты азаматы Египетте жоғалып кеткендігі хабарланған болатын. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов хабарлады. Олардың бәрі Каирға тіл үйрену курсына оқуға барған. Олардың Қазақстандағы ата-аналары төрт күннен бері балаларымен байланысқа шыға алмай отыр. Қолда бар мәліметтерге қарағанда жоғалған отандастарымыздың бәрі бір пәтерде тұрған. Төртеуі онда 2017-ші жылдың басында, ал қалған екеуі 11-інші шілдеде барған. «Қазір іздестіру жұмыстары жүріп жатыр, Қазақстанның елшілігі Каирға көмек сұрап нота жолдады», - дейді Жайнақов.

Следующая →