Қазақстанның алты азаматы Египетте жоғалып кетті
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов хабарлады
«Хабар» телеарнасының сайтындахабарланғандай, олардың бәрі Каирға тіл үйрену курсына оқуға барған. Олардың Қазақстандағы ата-аналары төрт күннен бері балаларымен байланысқа шыға алмай отыр. Қолда бар мәліметтерге қарағанда жоғалған отандастарымыздың бәрі бір пәтерде тұрған. Төртеуі онда 2017-ші жылдың басында, ал қалған екеуі 11-інші шілдеде барған. «Қазір іздестіру жұмыстары жүріп жатыр, Қазақстанның елшілігі Каирға көмек сұрап нота жолдады», - дейді Жайнақов.
Тақырыптар:
Казахстанские туристы Министерство иностранных дел РК Ануар Жайнаков Пропавшие в Каире казахстанцы