Семейде жоғалған жігіттің денесі табылды
Полицейлердің сөзіне қарағанда 25 жасар Ерлан Қуанышпаевтың денесі өзі тұратын Восточный ауылында табылған
Семей қаласының жас жігіті Ерлан Қуанышпаев 10 шілде күні түнде үйден шығып кеткен. Үйден тысқары шыққанның өзінде далаға үй киімімен шығып кеткен. Ұялы телефонын да, ақшасын да алмаған.
Тәртіп сақшылары бірден іздестіру жұмыстарына кіріскен. 25 жасар жас жігіттің денесін ағашқа асылып тұрған жерінен тапқан. Денесінен ешқандай зорлық-зомбылық белгілері табылмаған.
Жоғалған жігіттің туыстары соңғы уақытта Ерланның өте көңілсіз жүргенін айтқан болатын.
- Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіру» бойынша іс қозғалуда. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, - дейді Семей ІІБ-ның баспасөз қызметінің басшысы Елубек Оспанов.