Өскемен
пасмурно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +20°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +8°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +7°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
441.66
-2.48
475.14
-1.91
¥
61
-0.34
4.86
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Көктемгі аңшылыққа қайтадан рұқсат беріле ме?

Шығыс Қазақстан облысы табиғи әлеуетке бай өлке. Шығыс өңірінде ормандардың 13 пайызы орналасқан

Облыс аумағында құстардың 379 түрі, сүтқоректілердің 110 түрі, мыңнан аса өсімдіктер түрі кездеседі. Балық ресурстарының басым бөлігі Ертіс, Балқаш, Алакөл бассейндерінде орналасқан.

Республикалық қызыл кітапқа құрып бара жатқан 50 құс түрі, 100-ге жуық өсімдік түрлері енгізілген. Адамдар әлеміндегідей, жануарлар әлемінде де белгілі бір топтар арасындағы басымдылық ала бастайды. Бұл табиғаттың өз заңы. Дегенмен, адамдар бұл заңдылықты реттеп отыруға тура келетін жағдайлап кездеседі.

Қазіргі таңда өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтау мәселесі ғана емес, оны реттеп отыру сұрағы да Шығыс Қазақстан облысында кең талқыға түсіп отыр. Атап айтқанда, бүгінгі күні Шығыс өңірінің балық қорына бір құстың өзі айтарлықтай кесапатын тигізіп отыр.

- Қара суқұзғынын құсының түрін қазіргі таңда реттеуге тұрарлық жануарлар тізіміне енгізу керек, - дейді Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мұрат Құсаинов. - Бұл құс табиғат қорына айтарлықтай ауқымды шығынын тигізуде. Әрбір қара суқұзғыны күніне бір килограмм балықпен қоректенеді. Жылпы жыл көлемінде олар 2900 тоннаға дейін балықпен қоректеніп, балық ресурсының төмендеуіне ықпалын тигізуде. Есеп бойынша, бұл облысымыздағы балық қорының 30 пайызына дейін жетеді.

Суда сүңгуге бейімделген бұл жануарлар өңірімізге бірнеше жыл бұрын Қытай елінен келген болатын. Ресми зерттеулер бойынша, бұл құстар шоғыр құрып топталып ұялайды. Ұясын суға батқан ағаштарға, қамыс арасына, жағалаудағы жартастарға, ағаш басына салады. Қорегі - балықтар, оларды сүңгіп ұстайды. Көп жиналған жерінде балық шаруашылығына зиян келтіреді. Су қоры мол келетін Шығыс Қазақстан өңіріне бұл құстардың сүйіспеншілік білдіруі де тегіннен емес.

- Бүгінгі күні аталған жануарлар түрлерінің облыстың жануарлар әлеміне, нақталып айтсақ, балық ресурстарының тепе-теңдігін сақтауға біршама қиындықтар тудыруда, - дейді Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Медет Нұрғалиев. - 2015 жылы Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен бірлескен іс-шаралары нәтижесінде, Бұқтырма су қоймасының акваториясында үлкен су құзғынның санын азайту бойынша ұяларды ішінара бұзу жұмыстары жүргізілді. Аталған іс шаралар ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі №258 бұйрығына сәйкес, су құзғыны саны реттелуге жататын жануарлар түрлері тізбесіне кірмейтіндіктен, оның санын ары қарай реттеуге келмеді.

Департамент басшының айтуынша, оларды азайту бойынша іс-шаралардың жүргізілмеуі салдарынан соңғы жылдары аталған жануар түрінің саны көбейіп баруы байқалуда. Анықтамалық есеп бойынша, 2015 жылғы жағдай бойынша үлкен су құзғынның саны 15 мың мөлшерінде болған.

- Қазіргі таңда аңшылықтың көптеген түрлеріне тыйым салынған, - дейді Сенат парламентінің депутаты және Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту Комитетінің төрағасы Сергей Плотников. - Мысалы, суда жүзетін құстарды көктемгі атуға тыйым салынған. Қазір жануарлар мен өсімдіктерді сақтау мәселесімен қатар, олардың санын реттеу сұрақтары да қарастырылуда. Сол сияқты, Шығыс Қазақстанда қара суқұзғынының мәселесі жиі айтылады. Бұл құстың табиғи ортаға айтқысыз зияны барын мойныдау керек. Бұл тұрғыда біз Марқакөл және Катонқарағай қорықтарына барып, олардың табиғатын, келтіріп отырған кесапатын өз көзімізбен көруді жоспарлаудамыз.

Айта кету керек, қазіргі таңда шетелдіктер табиғат әлемін реттеуде тек аңшылықты емес, табиғи ортаның өз ықпалын пайдаланатын болған. Мысалы, АҚШ ұлттық саябақтарының бірінде еліктер саны күр өсіп кеткендіктен қасқырларды кіргізген. Ғалымдар, кейін тек еліктердің емес, сол табиғи ортаның адам танымас күйге ұшырағанын байқаған. Атап айтқанда, еліктердің кесірінен тақырға айналған ортада алуан өсімдіктер қайта шығып, өзге де сүтқоректілер есебі де қалыпқа келген.

Автор: Айдос Мырзхаметов

Следующая →