Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка Live

Даун синдромы бар жоғалып кеткен бала қазір Талдықорғанда болуы мүмкін

Алдын ала болжам бойынша бір жыл бойы іздеуде жүрген өскемендік Мұхтар Тохтаровты үш ай бұрын Астанадан, ал қазіргі таңда оңтүстіктен көргендер бар

Осыдан бір жыл бұрын Өскемен қаласында 24 жасар Мұхтар Тохтаров жоғалып кеткен болатын. Қазір 25 жасқа толды.

Он екі ай бойы ешқандай із-түссіз кеткен бала туралы қазір ғана бір ілік пайда болғандай. "Rina.Kz" қозғалысының еріктілерінің айтуынша Мхтар Тохтаровтың жоғалғандығы туралы ақпарат ғаламторға жарияланғаннан кейін оларға куәнерлерден ақпараттар келе бастаған. Олардың бірі баланың Талдықорғандағы базар мен вокзалдан қайыр тілеп отырғанын көргенін айтқан.

Қазір еріктілер Тохтарды іздестіруді жалғастыруда. Жақындары да халықтан көмек сұрауда.

- Біз үмітімізді үзбейміз, - дейді Мұхтардың әпкесі Айман Қасенова. - Мейірімді адамдардан көмек сұраймыз! Осындай жағдайды ешкімнің басына бермесін. Егер Талдықорғанда тұратын таныстарыңыз болса, біздің баламызды тауып беруін сұраңыздаршы. Анасы жүрегі қан жылайды...

ШҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, оларға баланың Талдықорғанда жүргендігі туралы ақпарат түспеген. Полиция қызметкерлері де іздеу жұмыстарын жалғастыруда.

 

Следующая →