Құтқарушыларға пышақпен сес көрсеткен
Машиностроитель көшесіндегі үйлердің бірінде жанып жатқан пәтердің иесі құтқарушыларға өз жұмыстарын атқауға кедергі келтірген
Құтқарушылар Машиностроительдер көшесіндегі бес қабатты үйдің бірінде шыққан өртті ауыздықтауға келгенде оларды ішімдікке мас үй иесі қарсы алған.
Осылайша өрт сөндірушілер тілсіз жаумен ғана емес, үйіне жоламауды талап еткен мас үй иесімен де күресуге мәжбүр болған. Кейінірек анықталғандай, азамат психо-неврологиялық диспансерде тізімде тұрған көрінеді және көршілерін жиі мазалайды.
Соңында өрт сөндіріліп, ал үй иесі тәртіп сақшыларының қолына табысталды. Сойқан шығарған үй иесінің қолындағы пышақты №6 ӨБ басшысының орынбасары Мирас Алимгазин тартып алған.
Следующая →
Тақырыптар:
Пожар в Усть-Каменогорске Работа ВРАОСО МЧС ВКО Работа правоохранительных органов в Казахстане