Жарма ауданының тұрғыны қол күрестен екінші мәрте Азия чемпионы атанды
Ерекше адамдар арасындағы жарыста Зарина Примак өзге елдерді ысырып тастап чемпион атағын қорғап шықты
Мүмкіндігі шектеулі адамдар арасындағы Азия чемпионаты Қырғызстанда 6 және 10 маусым аралығында өткен болатын
- Қол күресімен айналысып жүргеніме бір жарым жыл болды, - дейді Зарина Примак. - былтырғы жылы Азия чемпионатында бірінші рет Ташкентте жеңіске жеттім. Бұл жарыстарға тиянақты дайындалдым. Лайықты қарсыластар болды.
Пара-армрестлингтен чемпионатқа Азия өңіріндегі 14 елден 400-ден астам адам қатысты. Үлкен бәсекелестікке қарамастан, жерлесіміз қарсыластарының бәрін озып екінші мәрте Азия чемпионы атанды.
Следующая →