ШҚО-да демалыс күндері 6 ғимарат өртке оранды
Өткен екі күнде бірнеше жер үйлер мен үй алды құрылыстары өртеніп кетті. ШҚО ТЖД мамандарының нұсқасы бойынша оқыс оқиғалардың біріне отқа салғырт қарау себеп болған
Жексенбі күні Ұлан ауданындағы Троицк ауылында жер үй өртке оранды. Өрт аумағы 80 шаршы метрді құрады. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.
Сол күні кешкісін Риддер қаласына жақын маңда да жер үй аумағындағы ағаш моншадан өрт шыққан. Мамандардың тұжырымдауынша өртке монша пешін дұрыс пайдаланбау себеп болған. Ал Глубокое ауданында бір үйдің шатыры жанып кеткен. Екі жағдайда да өр ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ.
19 тамыз күні Жескент кентінде екі үй иесіне арналған жер үй өртенді. Өрт аумағы 120 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ.
Сенбі күні Жаңа Ахмер кентінде жер үйдің ауласындағы шаруашылық құрылыстары өртке оранды. Тілсіз жаудың шығуына қатысты екі нұсқа бар: отқа салғырт қарау немесе пешті дұрыс пайдаланбау. Дәл сол күні Зайсан қаласындағы Жайкенов көшесіндегі құрылыс нысандары да өртеніп кеткен. зардап шеккендер жоқ.