Астана қаласының қақ ортасында жаппай көліктік апат орын алды
Астана қаласының орталығында төрт көлік соқтығысқан. Бірнеше адамды «жедел жәрдем» алып кетті
Жапа шеккендер саны анықталуда.
ЖКА Момышұлы даңғылы мен Сәтпаев көшелерінің қиылысында, бүгін таңғы 7:30 кезінде орын алды, деп хабарлайды nur.kz.
Куәгерлердің айтуынша, Toyota Windom маркалы көлігі Момышұлы даңғылымен қозғалып келе жатқан. Көше қиылысына жетпей, автокөлік екі жолақты тармақты кесе бұрылып, қарама қайшы жолда Nissan және Toyota екі көлікті жанай өтіп, Lada автокөлігіне соғылған.
Жараланған бірнеше жүргізуші мен жолаушыны «жедел жәрдем» алып кетті, оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде.