«Сібір жұқпасы» диагнозы өңіріміздің екі тұрғынында расталды
Шығыс Қазақстан облысының екі тұрғынында «Сібір жұқпасы» ауруы расталды, бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік бағдарламалар министрі Тамара Дүйсекеева хабарлады
- Шығыс Қазақстан облысының екі тұрғынында анықталған сібір жұқпасы расталды, - деп хабарлады Тамара Дүйсекеева БАҚ өкілдеріне.
Естеріңізге сала кетсек, 17 маусым күні Жарма ауданы Қалбатау ауылының тұрғындары дене қызуының көтерілгендігін айтып, ауруханаға келген. Олардың диагнозы сібір жұқпасы болуы мүмкін деген күдікпен емханаға жатқызды.
Ал Қарағанды облысындағы Еркіндік ауылының 9 тұрғыны мал сойғаннан кейін, Сібір жарасына шалдығып, олардың екеуі көз жұмды.