Семейде бүгін таңертең ГАЗель жүргіншілер жолағынан өтпек болған қызды қағып кетті
Жол-көлік оқиғасы Физкультурный көшесінде орын алды. Жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп 18 жасар қызды көлік қағып кетті
Фото:
galagov.tv
Семей қалалық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметінде қызды оқиғадан кейін жедел жәрдем қызметкерлері қарағанын айтты. Дәрігерлер қыздың жағдайын аздаған жарақаттарды есептемегенде қалыпты деп тануда.
ГАЗель жүргізушісі тарапына жол ережесін бұзғаны және адам денсаулығына қаіп төндіргені үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Мұндай заңбұзушылықтың арты 1 жылға бас бостандығынан айыру немесе 15 АЕК айыппұл төлеуді көздейді.