Балық сатып аламын деп, миллионға жуық ақша ұрлады
Танысы балық сатып алуды ұсынып тұрған кезде, күдікті әйел оның ақшасын ұрлап кетті
Фото:
livejournal.com
2 ақпан күні Үлбі полиция бөліміне келген әйел, 840 мың теңгесі ұрланғанын айтып арызданды.
Бір қызығы ұрлық 16 желтоқсанда болған. Алайда ұрлықтың орын алғанын тек ақпанның басында білген. 56 жасар әйел, қаладағы сауда орындарында балық сатамын деген сылтаумен танысына келеді. Тауарды сатып алу кезінде 41 жасар танысының ақшасын ұрлаған.
Полиция қызметкерлері алаяқтық жасаған әйелді ұстап, тергеу амалдарын жүргізіп бастады.