Өскеменде ұры зейнетақы салынған сөмкені қолды етті
3-ақпан күні Жаңа Ахмер ауылының 64 жасар зейнеткерін өз үйінің жанында тонап кеткен

Фото:
saroblnews.ru
Оқиға шамамен кешкі сағат бес жарым кезінде орын алған. Зейнеткер полицей қызметкерлеріне бейтаныс ер адамның сөмкесін тартып алғанын айтып хабарласқан.
ШҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, құқық қорғаушылар қаскөйді тез арада тұтқындаған. 35 жасар күдікті ол кезде зейнетақының жарты сомасын ішімдікке жұмсап үлгерген екен. Сөмке мен қалған ақша зейнеткерге қайтарылды. Ер адам қылмыстық жауапқа тартылып, бүгінгі таңда уақытша қамау изоляторына тоғытылды.