Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Виктор Скрипниченко
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да пара алған мемлекеттік қызметкер жауапқа тартылды

Сот ШҚО МКД Экономикалық бақылау басқармасының экспорттық бақылау бөлімінің бұрынғы бас маманына қатысты қылмыстық істі қарады

Мемлекеттік қызметкер мемлекеттік шекарадан тұтыну тауарларын еш кедергісіз өткізу үшін ақы алған. Мәселенің анық-қанығы Бородулиха аудандық сотының қаулысында.

ҚР ҚК 336-бабы "Пара алу" бойынша қылмыстық істің қозғалуына жүргізушілердің бірінің арызы себеп болған. Арызданушының берген түсініктемесінен аңғарғанымыздай, шекаралық БӨП-тегі экспорттық бақылау қызметкерлері салық саласында әкімшілік шара қолданбай, өткізу талонын кедергісіз алуы үшін одан үнемі ақы талап етіп отырған көрінеді. Пара сомасы - екі мың теңгеден 20 мың теңгеге дейін. Қылмыстық іс материалдарында көрсетілгендей, алғашқы пара екі мың теңге, кейін екі рет 10 мың теңге талап еткен. Осыдан кейін жүргізушінің шыдамы таусылған көрінеді.

Қолға түскен мемқызметкер қылмысын бірден мойындаған. Соттан төрт баласы бар екенін және бір балаға алимент төлеп отырғанын алға тартып, бас бостандығынан айырмауды өтінген. Оған 550 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл алған парасынан 25 есе артық сома. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет атқару құқығынан бір жола айырылды. Зардап шегушілер қорына 42 мың теңге ақы артылып, мемлекет пайдасына 22 мың теңге материалдық шығын өндіріліп алынды.

Қаулы заңды күшіне енді.
Следующая →