Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

Шығыстағы "үздік әкім": "Ауылға балабақша керек"

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен "Рухани Жаңғыру" бағдарламасы аясында "Үздік ауыл әкімі" республикалық байқауы жарияланған болатын. Байқау мәресіне жетіп, еліміздің әр өңіріндегі үздік ауыл әкімдері анықталды

Байқаудың мақсаты - елдің ауылдық елді мекендеріндегі жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, жергілікті бастамаларды, оның ішінде қоғамдық өзін-өзі басқару ұйымдарын ынталандыру, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізген, ауылдық елді мекендерді дамытуға елеулі үлес қосатын үздік ауыл әкімдерін анықтау және көтермелеу. Конкурс екі кезеңнен тұрды. Алдымен облыстық деңгейде өткен іріктеуден суырылып әр аймақтың үздігі анықталды. Кейін түгел облыстың абыройын арқалап, республикалық байқауға жолдама алды.

Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап облыс әкімдіктерінің ресми сайттарында жергілікті әкімнің тиімді жұмыс істеуіне халықтың қанағаттануын бағалау үшін сауалнама орналастырылған болатын. Сауалнамаға азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша қабылданған шаралардың тиімділігі, көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларға, халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек және қолдау көрсету, халықты жұмыспен қамту мен жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, жергілікті қоғамдастықпен өзара іс-қимыл және тағы да басқа бірқатар бағалау критериі кірді. Осы критерилер бойынша ең жоғары балл жинаған кандидатпен республикалық комиссия жеке онлайн әңгімелесу өткізді. Комиссия құрамына Президент Әкімшілігінің, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкерлері, Сенат пен Парламент депутаттары, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері кірді. 

Бес ең үздік әкім анықталды


Байқау қорытындысы бойынша еліміздегі үздік ауыл әкімі болып Алматы облысы Іле ауданының Боралдай кентінің әкімі Данияр Қоңырбаев анықталды.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, Данияр Қоңырбаев дауыс беру кезінде ең көп ұпай жинап, 1-ші жүлделі орынға ие болды және өз аймағының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бойын-
ша жобасын сәтті қорғап шықты.

2-орын екі бірдей әкімге бұйырған екен. Олар: Ақмола облысы Целиноград ауданы Мәншүк ауылдық округінің әкімі Ғани Исаев және Ақтөбе облысы Мұғалждар ауданы Талдысай ауылдық округінің әкімі Қазбек Аққайыр.

Осы сияқты 3-орынды да екі әкім иеленді: бірі Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Жалаулы ауылдық окрігінің әкімі Азамат Медетов болса, екіншісі өзіміздің жерлесіміз Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданындағы Шалабай ауылдық округінің әкімі Жанар Есембаева.

Ауылға басшы болғалы 11 жыл


Шалабай ауылдық округінің әкімі Жанар Есембаева 2009 жылдан бері - 11 жыл бойы осы қызметте. Негізі Жанар Сәкенқызы Атыраудың тумасы. Тағдыр айдап Жарма ауданындағы Шалабай ауылына келін болып түскен. Содан бері 30 жыл бойы осы ауылдың "отымен кіріп, күлімен шығып жүр" десек болады. Өйткені тек ата-енесіне емес, бүкіл қайын жұртына адал қызмет етіп келеді. Мыңнан астам тұрғыны бар бұл ауылдың берекесін келтіріп, көркін кіргізу жолында барын салып тер төгіп жүр. Сол еңбегі ақталғандай. Еліміздегі ең үздік ауыл әкімдерінің үштігінен орын алды. Бұл әкімнің тыңғылықты жұмысының көрінісі шығар. Не дегенмен әкім болу дегеніміз - халқына жақын болу. Жанар Сәкенқызы ауыл тұрғындарының жағдайын, мұң-мұқтажын түсініп, сол мәселелерді шешу жолында саяси сауатты жұмыс жасап отыр.
- 2011 жылдан бастап "Бақыршық" кен-байыту комбинатымен ауылды дамыту бойыша меморандумға отырғанбыз. Содан бері ауыл игілігі үшін көп жұмыстар осы меморандум аясында жасалды, - дейді Шалабай ауылдық округінің әкімі Жанар Есембаева. - Комбинат негізінен ауылды абаттандыру және әлеуметтік салаға көп қолдау білдіреді. Мысалы, биыл пандемия кезінде ауылдық амбулаторияға 495 мың теңгеге оттегі концентраторын алып берді, аурухананың барлық бөлмелеріне су тартып, қолжуғыштар орнаттық. Одан өзге, биыл балалар ойын алаңы мен воркаут алаңы ашылды, жастарға арналған саябаққа сахна орнатылды. Сондай-ақ, комбинаттың қолдауымен малдарға екпе салынды. Мектепке жыл сайын дәстүрлі түрде көмек көрсетіп тұратынын да айта кеткен жөн.

Көше жолдарын жөндеу керек


Әр ауылдағы басты мәселе - ауыз су, жол, жарық, ғаламтор екені жасырын емес. Ал Шалабай ауылындағы ауыз су мәселесі 2014 жылы оң шешімін тапқан. 
- Ауыл бойынша жалпы 260 аула болса, соның барлығына су тартылды. Ал жобаға кірмей қалған ауыл шетіндегі 15 үйге меморандум бойынша су сорғысы орнатылды. Осы сияқы тағы бір жалғыз шетте қалған көпбалалы ананың үйіне демеушінің қаржысына су тартып бердік. Жоба құны - 500 мың теңге болатын, - дейді Шалабай ауылының әкімі.
Ауылдық округ әкімінің айтуынша, көшелер толық жарықтандырылған. Десе де, бас ауыртып, балтыр сыздатар мәселе жоқ емес.
- Ауылдағы қазіргі таңда шешімін таппай отырған мәселе - көше жолдарын жөндеу. Ауылдың көркі - көше. Бірінші көше жолдарын жөндеу керек, - дейді Жанар Сәкенқызы. - Орталық көшеге 1960 жылдары асфальт төселген. Содан бері асфальты жаңартылмады. Екі жыл болды асфальтты жаңарту үшін аудандық, облыстық бюджеттен қаржы бөлінсе деген үмітпен жобалық-сметалық құжаттар ұсындым. Ауыз су тартылғаннан кейін көшелердің барлығы бұзылып, қопарылып қалды. Оны өз күшімізбен жөндедік. Енді екі көшеге қиыршық тас төсеп, грейдер жүргізгенге 13 млн теңге сұрап отырмын.
Тағы бір қуантарлығы ауылға 2017 жылы кең жолақты жоғары жылдамдықты ғаламтор желісі тартылған. 

Ауыл халқы да билікке алақан жайып отырмай, өз туған жері үшін, ауылдастары үшін қолдан келгенді аянбайтын көрінеді.
- Ауылда асыл тұқымды мал зауыты бар. Сол зауыт иелері де ауылға қолдау білдіріп келеді. Әкімдік балансында болған, бірақ бос тұрған бұрынғы дүкен ғимаратын сатып алып, тойхана ашып қойды. Сол сияқты бұзылып жатқан дүкен ғимаратын жөндеп, жастарға арналған жаттығу залын ашты, - дейді Жанар Сәкенқызы.

Болашақта балабақша ашылса...


Ауыл әкімі халықпен тікелей өзара байланыста болады және сол байланысты орната алу қабілеті, тұрғындардың өзекті мәселелері бойынша дер кезінде шешім қабылдай білуі оның қызметінің басты бағыты болып табылады.

Еліміздегі үздік ауыл әкімін таңдауда халықтың пікірі ескерілген болатын. Одан өзге үміткер әр әкім өзінің ауылын көркейту, дамыу бойынша әлеуметтік маңызы бар өз жобасын ұсынуы қажет болатын. 
- Менің ұсынған жобам - ауылда 30-50 орындық шағын балабақша ашу, - дейді Жанар Сәкенқызы. - Балабақша ашуға арналған жеке кәсіпкердің ғимараты бар, жабдықтар бар. Яғни, балабақшаны мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде ашуды көздейміз. Ұсынған жобаның құны негізінен 5 млн теңгеден аспауы керек. Ғимарат ішіне жөндеу жұмыстарын жүргізуге сонша қаржы сұрап отырмыз. Мектепте миницентр бар. Дегенмен жас отбасылардың ауылдан көшпеуі үшін, халық тұрақтылығын сақтап қалу үшін шағын балабақша қажеттілігі бар. Оның үстіне егер жаңа балабақша ашылатын болса, 7 адамға жаңа жұмыс орны ашылатын еді. Негізі ауылда мектепке дейінгі жастағы 92 бала бар.

Следующая →