Лаңкестерге көмектескені үшін сот алдында жауап береді
29 жастағы ҚР азаматшасы жасөспірімдерді Сириядағы қарулы қақтығыстарға баруға үгіттегені үшін айыпталуда
Ол 2017 жылы тұтқыдалған, бірнеше бап бойынша айып тағылуда.
Сот материалдарына сүйесек, азаматша 2016 жылы радикалды діни идеологияның ықпалына түсіп, ДАИШ халықаралық террорлық ұйымның мүшелеріне сыбайлас бола бастаған.
Белгісіз содырлармен байланысқан әйел Сирияға көшу бойынша толық ақпараттар алған. Ол өзі жалғыз емес, өзімен бірге күйеуінің кәмелетке толмаған бауырын ертіп алуды көздеген. Ал ДАИШ-қа кіру туралы әңгімеге арбалған қайнысы да сапардан бас тартпаған.
Алайда оларды Қарағандыдан шыға бергенде полиция қызмекерлері ұстап алған.
Следующая →