Өскеменде қайырымдылық концерті өтеді
Жиналған қаражат төртінші деңгейлі рабдомиосаркома дертіне шалдыққан Аңсар Сарсембековтің еміне жұмсалады
Астаналық бүлдіршіннің еміне жұмсалатын қаражатты бүкіл ел жинауда.
Ал Өскемен қаласында әлеуметтік көмекті жинауды Аңсар Сарсембековтің апайы ұйымдастырды. Ол түрлі ұйымдардан көмек сұрап жүгінуде.
Одан өзге балақайға қол ұшын созуға өскемендік әртістер де ниет білдірген. Атап айтқанда, олар 20 қаңтар күні сағат 19.00-де ULBA ОМҮ-де қайырымдылық концертін өткізбек.
Билет құны – 1000 теңге. Барлық жиналған қаражат Аңсардың еміне жұмсалады.
Айта кетсек, бүгін Аңсар Сарсембеков тоғызға толды.