Жапонияда 70 жастағы қария өлім жазасына кесілді
Киото қаласының округтік соты 70 жастағы әйелді жұбайларын бірінен соң бірін өлтірді деп айыпталып, өлім жазасына кесті.
Ал Жапония елінің баспасөз құралдары бұл қарияны зымияндығын әшкерелеп, оған «қара жесір» деген атау таққан. Ол өзінің үш күйеуі мен бір досын әдейі улап өлтірген, өйткені олардың сақтандыру қорына салған қаржысын иемденбек болған.
Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, 70 жастағы Чисако Какехи күйеулеріне у қосылған сусын беріп өлтірген. Ал сақтандыру қорынан барлығы $8,8 млн теңгені иемденген.
Дәрігерлер қарияны «жынды» деп диагноз қойғанымен, сот мұны есепке алмай, өлім жазасына кесу туралы үкім шығарған.