Курчатов ұрылары көлік дөңгелегін ұрлаумен айналысқан
Курчатов қаласының тұрғыны көлігінің тоналғанын таңертең бір-ақ көрген
Көліктің төрт дөңгелегін бірдей шешіп алып, есік терезесін шағып, ішіндегі магнитолла мен бейнетіркеу камерасын қатар қолды қылған.
Мамандардың айтуынша, ұрланған заттардың жалпы құны 108 мың теңгені құраған.
Полиция қызметкерлері ұрыны ұстап алған. Күдікті полиция мекемесінде арыз берушіден кешірім сұрап, қолды қылған заттарын толықтай қайтарып берген.
Медиаторлардың арқасында екі тарап та келісімге келген. Сондықтан қылмыстық іс ашылмаған.