14 жасар Айым Ұлтомбаеваның өліміне көршісі күдікті
Қыздың анасы жас жігіттің үстінен арыз жазды, ал ол болса сәуірден бері басқа іс бойынша тергелу үстінде
Естеріңізге сала кетсек, қыздың денесі жоғалғанына сегіз ай өткен соң, Шар қаласының шетінен табылған болатын. Айым Ұлтомбаева Шар қаласында ағасымен және анасымен бірге тұрған. 12 қыркүйек күні ол түнде үйінен шығып, қайтып оралмайды. Қыздың анасы – Зимхан Ибраимова түнгі ауысыммен жұмыста болады. Үйге таңертең келген соң, ұлы Айдардан есікті ішінен жауып алғанын және ол кезде Айымның үйде ұйықтап жатқандығын, ал таңғы сағат алтыда оянғанында оның болмағанын естиді. Қыздың жеке заттары орнына болды. Сол күні Шарда жоғалған жасөспірімді іздеу жұмыстары басталады. 500-ден астам еріктілер тобы полиция қызметкерлерімен бірге аймақты аралап, Айымды іздей бастайды. Бірақ тура сегіз ай бойы одан ешқандай хабар да нәтиже де болған жоқ. Жоғалған баланың ісі ШҚО ІІД қадағалауында болды. Күнделікті полицейлер өткен шаралар жөнінде есеп беріп отырды.
Осы сегіз ай көлемінде біз де айымның анасымен қарым-қатынаста болдық. Ол бізді барлық жағдайлардан бейхабар қалдырмады. Сәуірдің басында Зимхан Ибраимова қызының жоғалуына қатысы болуы мүмкін азамат жөнінде өз нұсқасының бар екендігін жеткізді.
- Мен полицияға бізге жақын маңда тұратын жігіттің үстінен арыз жаздым – деді Зимхан Ибраимова, сәуірдің басында. – Ол жігіт 1992 жылы туған, қазір басқа іс бойынша тергелу үстінде. Маған оны «тексерді» және оның қатысы жоқ деп айтты. Бірақ мен сенбеймін, себебі жиенім маған көктемде осы жігіт менің қызыма Whatsapp арқылы хабарласып отырғанын айтты. Қызым өзі үйден кете алмады. Ал ол жақын маңда тұрады және ұлыммен де араласады.
12 мамырда кездейсоқ өтіп бара жатқан адам Шар қаласының шетіндегі қоқыстан қыздың мәйітін тауып алады. Айым Ұлтомбаеваның жақындары қыздың денесін таныды.
- Қыздың өліміне қатысы бар азамат ұсталды – деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметі басшысы Бақытжан Торғаев. – Қазір қолда бар барлық айғақтарды тектсеру мен дәлелдеу бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.
Зимхан Ибраимова өзінің нұсқасының расталғандығын және оның қызының өлімінің қалай болғандығы жайында тағы да тұспалдауларының бар екендігін жеткізді.
- Әлгі жігіт желтоқсаннан бері тергеуге алынған – деді қыздың анасы. – Менің білуімше зорламақ болғаны үшін. Мен оның айтқандарына сенбеймін және оның жақтасы бар деп ойлаймын. Себебі Айымның денесін іздеу кезінде бірнеше рет жүріп өткен жерден тауып алдық.
Қыздың анасы мәйітханаға баласын тануға өзінің кіргендігін айтады
- Қызымның денесі сақталыпты – деді анасы, - Егер ол мына қоқыстың және қардың астында қыркүйектен бері жатқан болса, одан тек сүйегі ғана қалар еді. Ол жерде тіпті иттер де қаңғырып жүреді.
Қайтыс болған баланың анасы ұсталған 24 жасар азаматтың жақтастарының болуының мүмкін екендігін айтты.
- Бұл оның алғашқы қылмысы емес, менің ойымша, егер ол жалғыз болған болса, қызымды қыркүйекте өлтірсе және өзі айтқандай денесін қала шетіне бірден апарған болса, онда неге полицейлер, бізге көмектескен 500 ерікті адамдар, туысқандар іздегенде сегіз ай бойы таба алған жоқ?, - дейді анасы.
Қылмыстың қалай болғандығы туралы әзірге хабарлаған жоқ.
- Қызымының денесінде пышақ іздерінің бар екендігін немесе оны буындырғандығын маған әлі айтқан жоқ – деді қайғыдан қан жұтқан ана. – Бір белгілісі - өлімнің зорлықпен жасалғандығы – сыртқы зақымдардың бар болуы.
Сотты-криминалдық сараптаманың нәтижесі екі айдан кейін дайын болады. Айым Ұлтомбаеваны жерлеу рәсімі 14 мамырда өтті.