Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО әкімі құрылыс мерзімін бұзған мердігер компаниялардың талаптарын күшейтуді тапсырды

Аймақ басшысы арнайы кеңесте көптеген нысандардың салыну мерзімдерін бұзған құрылыс компанияларының тізімін қарастырды

Усть-Каменогорск и ВКО / Аким ВКО потребовал ужесточить контроль над недобросовестными строителями
Фото:
Устинка Live

Облыс әкімі Даниал Ахметов жауапсыз мердігерлер тізіміне енгізу туралы талап арыздарды сотқа уақытында ұсынуды және бақылауды күшейтуді талап етті. Айталық, осындай компаниялар әрекеттерінің кесірінен бірқатар нысандар әлі күнге дейін пайдалануға берілмеген.

Аймақ басшысы құрылыс басқармасы бірде-бір жұмыс мерзімінің бұзылу дерегі бойынша дер кезінде сотқа талап арыздарды ұсынбағанын атап көрсетті. Бүгінгі таңда 24 мемлекеттік сатып алуларға қатысушының тек үшеуі ғана жауапсыз болып танылып, екі жыл бойы тендерлік процедураларға қатысу құқығынан айырылған.

– Бұған себеп – құрылыс басқармасында жауапсыз мердігерлердің нақты тізімі болмаған. Осы мәселе бойынша заңнамаға сәйкес жұмыс істеп, дереу сотқа арыз беру керек. Барлық мемлекеттік органдар осы мәселеге назар аударулары тиіс, – деді Даниал Ахметов.

Атап өтерлік жайт, осындай компаниялардың әрекетінен қан орталығының, балабақшалар мен мектептердің, интернат үйінің, оңалту орталығының және көптеген басқа әлеуметтік нысандардың құрылыс мерзімдері созылды. Дәл осы себепке байланысты бүгінгі таңда төрт мектептің құрылысы, Зырян ауданындағы оңалту орталығына тиесілі әкімшілік ғимараттың және тағы төрт нысанның жаңғырту жұмыстары аяқталмаған.

Осы ретте мына бір тиімсіз жұмыс схемасы туралы айтқан жөн, яғни, ол схема бойынша мердігер нысанды және ол бойынша тиісті қаржыны алып алады да, қарыздарын қайтарады немесе алдындағы нысандардағы кемшіліктерді жояды. Соның салдарынан, жаңа құрылыс алға жылжымайды, не болмаса жұмысшылар айлап еңбекақыларын күтеді.

Мәселен, өткен жылдың қорытындысы бойынша облыста 118 құрылыс нысанының салыну мерзімі бұзылған.

Следующая →