Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

Алтайдағы полицей мотоцикл жүргізушісін соққының астына алды

ЖКО-дан кейін полиция қызметкеретінің қосдөңгелекті көлік жүргізушісін таяқпен соққыға жыққаны бейнеленген жазба жұрттың қызу талқысына түсті

Бейнебақылау камерасынан байқағанымыздай, Жақсыбаев көшесі бойына полиция көлігі тоқтап, одан шыққан тәртіп сақшысы қарсы бетте жоғары жылдамдықпен келе жатқан мотоциклдің алдына қарай жүгіре кетеді.

Мотоцикл күрт жасыл желекке қарай бұрылып, қарсы алдында тоқтап тұрған таксиге соғылған. Байкерге жүгіріп келген полицей оны резеңке таяғымен соға жөнеледі. Бірнеше секундтан кейін оған басқа қызметкерлер де көмекке келген. Олардың маңынан өтіп бара жатқан көлік те тоқтай қалып, жүргізушісі де іске кірісе кетіп, араша түскен.

Бастапқыда әлеуметтік желіге салынған видео халықтың ашуын туғызған еді. Бірақ бұл байкермен бұрын да бірнеше рет ұшырасқан көлік жүргізушілері тәртіп сақшысын жақтап жатыр. Оның үстіне желіде дәл осы мотоциклшінің қала көшелерімен жүйткіп жүргені бейнеленген видеолар да бар.

- ҚР ӘқбК 613-бабында полиция қызметкерлеріне бағынбағандардың арқалайтын жауапкершілігі айқын жазылған, - дейді Алтай қаласындағы “ОСА" ҚБ өкілі Антон Ушаков. - Бірақ тәртіп сақшылары тарапынан заңбұзушыға моральдық немесе физикалық қысым көрсету жайлы ештеңе айтылмайды. Бұл жағдайда тәртіп сақшылары шектен шыққан тәрізді.

Бірақ қоғам белсендісі көшеде мотоциклмен жүйткитіндер қауіп тудыратынын да жоққа шығармайды.




Следующая →