Алматы зообағы әлеуметтік желідегі жарияланымнан кейін шығынға батты
Оған зообақ қызметкерлерінің мысық атуымен айналысатындығы туралы қауесеттің желдей есуі себеп
Жалпы зообақ 23 млн теңгеге шығынға батқан, деп жазады Sputnik Қазақстан сайты.
Бұндай қауесеттен кейін компаниялардың бірі 15 млн теңгелік келісімшартты тоқтатса, тағы бір компания 8 млн теңгенің келісімін бұзған.
Зообақ әкімшілігі бұдан кейін әлеуметтік желіде өздері жайлы жағымсыз ақпарат таратқан адамның үстінен сотқа шағым берген.
Қазір жазба авторы үстінен қылмыстық іс қозғалды.