Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Компания жаңалықтары Компания жаңалықтары
Ақпарат көзі:
Устинка

«Эйр Астана» қызметкерлерін іріктеу, жалдау және оқыту жөніндегі жобасын бастады

«Эйр Астана» авиакомпаниясында кадрлар жетіспеуде. Мұны реттеу мақсатында қызметкерлерін оқыту мен іріктеуді бастамақ.

Әуе компанияның оқыту курстарына кез келген азамат пен азаматшалар қатыса алады.

- Авиакомпанияның дамуы қарқыны жоғары. Бүгінгі таңда штатта 5000 қызметкер бар, ал ұшақтардың саны – 31. «Эйр Астананың» халықаралық және елішілік маршруттар саны – 65. Алдағы он жылда 64 ұшақ сатып алуды көздеп отырмыз, - деп хабарлайды Ұжымдық коммуникация департаменті.

Акционерлік қоғам 2020 жылға дейін штаттағы қызметкерлерін 11 пайызға дейін көбейтуді ойлап отыр. Сондықтан әуе компаниясы ұшқыштар мен инженерлі-техникалық мамандар санын артыруды қолға алып, өзінің оқу орталығын құрды.

- Бүгінгі таңда «Эйр Астана» ұшқыштарын Испания мен Ирландияда ab-initio бағдарламасы бойынша оқыта бастады. Германия, Ұлыбритания, Қазақстанда тәжірибеден өтеді. Ал әуе саласындағы техник мамандарды Астанада құрылған инженерлік-техникалық орталықта оқытамыз, - дейді «Эйр Астана» АҚ президенті Питер Фостер.

Аb-initio бағдарламасы бойынша 2009 жылы 189 кадет білім алса, жыл сайын 24 кадет аталған бағдарлама негізінде тәжірибеден өтеді. Ал 2018 жылы олардың санын 40-қа жеткізу жоспарда.

Компанияға қажетті тағы бір маман – бұл жолсерік. Қазіргі уақытта компания штатында 1120 жолсерік қызметкері бар. Жолсеріктер де Алматы мен Астана қалаларында оқытылады. 

Следующая →
Материал размещен на правах рекламы