Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +17°
$
443.35
-0.87
475.54
-0.84
¥
61.18
-0.13
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Кристина Хорольская
Ақпарат көзі:
Устинка

Ішімдікке салынған ананың 9 жасар баласы мектепте болып көрмеген

Шығыс Қазақстанда 76 қараусыз жасөспірім полицияға түссе, олардың бесеуі арнайы орталықтарға үйлестірілген

Бала тәрбиелеу бойынша ата-аналық және асырап алушылық міндетін орындамаған 16 ересек адам жауапкершілікке тартылған.

- Тәртіп сақшылары дайындыққа келмеген немесе заңсыз жұмыс істеп жүрген мектеп жасындағы балалары бар есепте тұрған жанұяларды тексеріп шықты, - деп хабарлайды ШҚО Баспасөз-қызметі. - Балалар мекемелеріне рейд бойынша келіп, есепте тұрған, бірақ дайындыққа келмей жүрген балаларды анықтады. Мектеп инспекторлары тоғысыншы сынып түлектерінің саны бойынша бос жүргендерді білім ордасына қайтару үшін салыстырмалы жұмыстар жүргізді.

Жедел алдын-алу шаралары барысында полиция қызметкерлері мектепті тастап кеткен 16 баланы анықтап, олардың үшеуін қайтадан партаға отырғызды.

Кәмелет жасқа толмағандар ісі бойнша территориалды инспектор Қуаныш Құсағиев жұмыс күнін Защита ауданын аралаумен бастайды.

Алты жасар Богдан мен сегіз жасар Антонның сыныптастары таза күйінде мектепке аттанғанда, ағайындылар атар таңын ішкіш анасымен бастайды. Олар алғашқы ұстаз, үзіліс, баға және дәптер толы сөмкеден жұрдай. Полиция қызметкерлері анасын сабасына түсіру үшін ескі үйдің босағасын аттап көрмек.

- Жас ананың екі баласы бар. Біреуі мүгедек, ал екіншісіне психологиялық дәрігер педагог кеңесінен өту керек. Дамуына қатысты мәселелері болғандықтан, тағдыры шешілетін болады, - дейді Қуаныш Құсағиев. - Бір ұлына жәрдемақы алып отырған ана бала тәрбиесіне зейін қоймайды. Балаларын бөтелкелес достарына ертіп барып алкогольді ішімдікке салынады. Балалар ешқашан мектепте болып көрген жоқ, тіпті тілдері де дұрыс шықпаған...

Анасына осыған дейін жөнделуге мұрша берілген.

- Комиссия барысында анасының өмір салтын талқылаған едік. Ол кезде балалары қаланы бірнеше ай бойы шарлай жүріп, кәмелет жасқа толмағандарды бейімдеу орталығына түскен, - дейді инспектор. - Бірақ бұл жас анаға ешқандай сабақ болмады.

Айта кету керек, жедел алдын-алу шаралары барысында 195 жасөспірім күндерін кешіп жүрген 170 қолайсыз отбасы анықталған. Қосымша алдын-алу есебіне тағы 19 отбасы есептке тұрды.

Следующая →