ҚР-да патогенді биоагенттермен жұмыс істейтін зертханаларды бақылау күшейтіледі
Қазақстан Парламентінің Сенаты бейсенбі күні өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы" заңды қабылдады
Заңның негізгі тұжырымдамасы биологиялық қауіптерді ерте анықтау, алдын алу және тоқтату болып табылады. Заңда Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы шеңберінде биоагенттермен жұмыс істеуге қойылатын талаптарды реттеу, микроорганизмдердің ұлттық және жұмыс коллекцияларының қызметін регламенттеу, биоқауіпсіздік саласында үйлестірілген мемлекеттік басқару жүйесін құру ұсынылады.
Құжат нормаларында патогенді биоагенттердің айналымы туралы деректерді есепке алу мен мониторингілеудің бірыңғай жүйесін құру, биорискаларды басқару жүйесін енгізу, биоқауіптерді болжау және т.б. көзделеді.
Сонымен бірге, құжатпен патогенді биоагенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілердің, олардың меншік нысанына қарамастан, сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеудің міндетті рәсімінен өтуі; патогенді биоагенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын ұйымдардың қызметкерлерін биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша оқыту, нұсқау беру, білімін тексеру енгізіледі.