М. Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театры Семейге келеді
М. Әуезовтің 125 жылдығына орай Семей қаласына Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театры гастрольдік сапармен келеді
Мәдени шараға ғасырға жуық тарихы бар ұлттық театр ұжымының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Е. Жуасбек бас-тап, есімдері тек елімізде ғана емес, алыс-жақын шет мемлекеттерге танылған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Саят Мерекеұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет", "Парасат" ордендерінің иегері Болат Әбділманов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Бекжан Тұрыс, Шынар Жанысбекова, Дәрия Жүсіп, Шынар Асқарова, "Құрмет" орденінің иегері Гүлшат Тутова сынды театр-кино өнерінің танымал өкілдері қатысады.
Өнер ұжымы бұл күндері көпшілікке кеңінен таныс қойылымдарын Абай атындағы драма театрында қала тұрғындары мен қонақтарына тарту етпек. Атап айтар болсақ:
- 10 мамыр - Абай шығармашылығы және М. Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясының желісімен қойылған "Абайдың жұмбағы" драмасы; Басталуы сағат 17.00-де.
- 11 мамыр - жазушы Медеу Сәрсекенің "Тендерге түскен келіншек" драмасы; Басталуы сағат 17.00-де.
- 12 мамыр - ақын, драматург Исрайл Сапарбайдың "Сыған серенадасы" мюзиклы қойылады. Басталуы сағат 17.00-де.