Мемлекеттік қызметкерлерді халықпен өзара іс-қимыл жасауға үйретеді
Азаматтармен тиімді және сапалы өзара іс-қимыл мемлекеттік қызметшілер үшін басым міндеттердің бірі болып табылады
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің жұмыс басымдықтары Астанада өткен кеңейтілген кеңесте талқыланды.
- Президенттің Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған тапсырмасын орындау үшін мемлекеттік қызметшілердің азаматтармен өзара іс-қимыл жасау дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлу, оларды мемлекеттік басқару академиясы базасында БАҚ-тағы, әлеуметтік желілердегі резонанстық жарияланымдарға дұрыс және барабар әрекет ете білуін қамтамасыз ету қажет, - деді ведомство басшысы Анар Жаилғанова.
Мұндай дағдыларды оқыту бағдарламаларын Мемлекеттік басқару академиясына әзірлеу тапсырылды. Бұл әсіресе жергілікті атқарушы органдардың басшы қызметкерлері үшін өзекті.
- Әрбір мемлекеттік қызметкердің біліктілігі, халықпен және халықтың мүддесінде жұмыс істеу қабілеті мемлекеттік аппарат пен қоғам арасында сенімді қарым-қатынас құрудағы жүйе құраушы элемент болады, - деп атап өтті агенттік басшысы.
Бұл ретте мемлекеттік органдарға жүгіну кезінде азаматтардың мүдделері мен құқықтарын қорғау агенттік жұмысының маңызды элементі болып табылады.
- Бүгінгі күні агенттікке келіп түскен өтініштер санының өсуі байқалады, бұл халықтың біздің жұмысымызға деген сенімінің көрсеткіші болып табылады. Осыған байланысты, біз олардың сапалы және уақтылы қаралуын қамтамасыз етуге міндеттіміз. Әрбір шағым жан-жақты зерделенуі және соңына дейін жеткізілуі тиіс, - деп атап өтті агенттіктің төрағасы Анар Жаилғанова.