Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Түркістанда қазақтың таңғы асы брендке айналады

Қазақстанда алғаш рет қазақ ұлттық тағамдарының бренді енгізіледі

Қазақ тамақтану академиясының сарапшылары енді елімізге келген қонақтар экологиялық таза өнімдерден дайындалған "Қазақ таңғы асынан" дәм тататын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА.

Бұл тағам меймандардың өз денсаулығына көңіл бөліп, ерекше назар аударатын өте пайдалы ас болмақ. Ал, ас тізімінде мынандай тағамдар бар: тарыдан жасалатын тойымды тағамның бірі - майсөк, сүзбе, айран, қымыз, құрт, жент. Таңғы ас 3 топтан тұрады: сүт өнімдері, көкөністер мен кептірілген жемістер және пісірілген тағамдар.

Қазақ тағамтану академиясы диссертациялық кеңесінің мүшесі Юрий Синявскийдің сөзінше, оңтүстіктен бастау алған нағыз қазақтың ұлттық тағамдары Қазақстанның басқа да аймақтарына таралады. Сондай-ақ, қазақтың жан дүниесін түсіну үшін "қазақ таңғы асының" дәмін тату керек. Өйткені, оның құрамы ғасырлар бойы өзгеріссіз қалуда. 

Осының арқасында өңірдің гастрономиялық ерекшеліктерін ғана емес, сонымен қатар, халықтың салт-дәстүрі мен менталитетімен де танысуға болады. Мәселен, қонақжайлылық - қазақ халқының ертеден келе жатқан қасиеттерінің бірі. Қонақты жақсы көңілмен қарсы алып, төрге отырғызу мен дастарқан әзірлеп күтіп алу да қазаққа тән. Идея авторлары жоспарлағандай, "Қазақ таңғы асы" қонақүйлерде, мейрамханаларда және Түркістанның басқа да қоғамдық тамақтандыру мекемелерінде беріледі.

Сарапшылардың пікірінше, қазақ таңғы асы брендінің енгізілуі шетелден келген туристердің санын арттырады және қазақстандықтарды Түркістан облысына саяхаттауға қосымша ынталандырады.

Следующая →