Өскемендік 50 әйел мерекеге орай сыйлық алды
Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен көпбалалы аналар, еңбек ардагерлеріне дастархан жайылып, құрмет көрсетілді
Өскемен қаласы әкім аппаратының басшысы Нұрлыбек Шерубаев дастарханға жайғасқандарды мерекемен құттықтап, бақыт пен денсаулық тіледі.
Құттықтауға келгендердің бірі – Ұлы Отан соғысының ардагері Анастасия Светочева. Өмір бойы қиындықтың сан түрін көрген ол қанша тағдыр талқысын басынан кешсе де, рухын әлі жоғалтпаған.
- Соғыстан кейінгі жылдар өте ауыр болды. 18 жасқа толмай жатып, Ленинград блокадасын қорғауға аттандық. Штабқа стратегиялық құжаттарды тасумен айналыстым. Ұлы Отан соғысы туралы айтқан кезде, үзеңгілес жолдастарымның ерлігі еске оралады. Қазіргі ұрпаққа біздің отанға деген сүйіспеншілігімізді берсе екен, - дейді ардагер.
Кездесуге еріктілер мен студенттер де, оқушылар да қатысты.