Білім және ғылым министрі мектеп оқулықтары жайлы ойын айтты
Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова қазіргі оқулықтардың кемшіліктері бар екендігін мойындады
Оқулықтарды тексеретін республикалық комиссия жұмысының нәтижесі бойынша биыл бірнеше бастауыш сынып оқулықтары қайта толықтырылуға жіберіледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
- Кітап - балаларға білім берудегі басты құралдардың бірі. Жаңа стандарттар бойынша мұғалімдер, сарапшылар мен авторларды дайындау үрдісі жүріп жатыр. Авторлар бір күнде өзгеріп кете алмайтын шығар. Өздеріңіз білетіндей, белгілі бір кемшіліктер бар. Жақында ғана биылғы республикалық комиссия өз жұмысын аяқтады. Комиссия бастауыш мектептердің кей оқулықтарын қайта түзетуге жіберді, - деді білім және ғылым министрі.
Күләш Шәмшидинова қазақстандықтарға мектеп кітаптарын тексеруге қоғам болып қатысуға шақырды.
- Кітап таратылу үшін тираждауға жіберілмес бұрын былтырғыдай қоғамдық оқып танысу жұмысы жүргізіледі, - деді ол.
Жаңа министрдің айтуынша, оның басты мақсаты - білім беру сапасын арттыру.