Гуаидо тұтқындалудан қорықпайды
Венесуэла оппозициясының басшысы Хуан Гуаидо "қазіргі билік мені тұтқындай алмайды, бұл қателік болмақ" деген мәлімдеме жасады
Егер оппозиция өкілі тұтқындалатын болса, онда шетелге шығуға, банк есепшоттарын қолдануға тыйым салынбақ. Десе де, оппозиция көшбасшысы шетелге шығып, Колумбия, Чили, Парагвай елдерінің басшыларымен кездесу үстінде.
Ал елге оралған сәтте ол тұтқынға алынуы мүмкін. Алайда Гуаидо қазіргі билік режімі бұған дәті бармайды деген ойда. Қазір ол Каракасқа келді. Бірақ тұтқындалған жоқ, әуежайдан түскен кезде, оны оппозиция өкілдері мен Еуропа елдерінің елшілері күтіп алды.