Қазақстандық кинотеатрда көрсетілетін киноларда қазақ тіліндегі субтитрлар міндетті болуы мүмкін
"Кинематография туралы" заң жобасының нормаларының біріне сәйкес, шетелдік фильмдердің міндетті түрде қазақстандық дубляж немесе субтитрлерменсүйемелдеуімен болуы мүмкін
Бұл стандарт туралы ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында әңгімеледі, деп хабарлайды Қазақпарат сайты.
- Уәкілетті орган жалдау лицензиясын шығаратынын сіздер білесіздер. Бұған дейін мәдениет туралы заңда Қазақстан Республикасының аумағына кірген фильмдер қазақ тіліне көшірілуі керек болған норма болды, - деді ол.
Вице-министрдің айтуынша, бұл норма декларативтік болып, міндетті болып табылмады.
- Енді осы заң аямында жұмысты күшейту үшін "Кинематография туралы" заң жобасына Қазақстан Республикасының аумағына кірген және туралы рұқсат қағазын берер кезде киноның қазақ тілінде дубляждалған немесе қазақ тіліндесубтитр болуы, қазақ тілінің экраннан тыс мәтін болуы тиістігі туралы норманы кіргізіп жатырмыз. Бұл ҚР-ның тілдер бойынша нормаларын сақтау үшін қажет. Яғни, Қазақстан аумағына түсетін барлық фильмдер қазақ тіліндегі нұсқамен бірге жүруі керек, - деді ол.