Жапонияда пейджер шығаратын соңғы компания жабылады
Пейджерлер шығаратын Tokyo Telemessage басшылары 2019 жылдың қыркүйегінде компанияның жабылатынын мәлімдеді
Басшылықтың айтуынша, компанияның жабылу себебі - тауарларға сұраныстың болмауы. Компанияның абоненттік базасы қазіргі уақытта 1,5 мыңнан аз абонентке ие, ал бір кездері пейджер пайдаланушылар саны миллионнан асқан еді.
Ұялы телефондар танымал әрі ыңғайлы және көп функциялы болған кезде пейджердің сұранысы төмендей бастады.