Қазақстанда авиация қауіпсіздігі тексеріледі
Қазақстан билігі әуе кемелерін жоспардан тыс тексере бастамақ
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті әуе кемелеріне бөгде адамның кіруінен кейін авиациялық қауіпсіздікке жоспардан тыс тексеру тағайындады.
- "Эйр Астана" әуе компаниясының Алматы-Гонконг рейсіменрұқсатсыз бөгде адамның ұшып келуінен кейін, ҚР ҰҚК азаматтық авиация комитеті авиациялық қауіпсіздік жөніндегі жоспардан тыс тексеруді тағайындады, - деп хабарлады комитет.
Оқиғаның барлық мән-жайы тексеріліп зерттелінеді. Тексеру нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады.