Сербия НАТО-ға қосылуға ұмтылмайды
Сербия президенті Сербияның НАТО құрамына енуді жоспарламайтынын және әскери бейтараптықты сақтап қалуға тырысатынын айтты
Сербияның НАТО бойынша ұстанымын Сербия Президенті Александр Вучич хабарлады.
- Менің елім барлық әскери одақтармен, оның ішінде НАТО-мен лайықты қарым-қатынаста, бірақ Сербия НАТО-ның құрамына енуді қаламайды, - дейді ол.
Оның айтуынша, Сербияның әскери бейтараптықтылығын сақтап қалу, кез келген агрессияға қабілетті армияны нығайту - басты мақсат.
Социологиялық зерттеулерге сәйкес, Сербия азаматтарының 52%-ы НАТО-ны Югославияны 1999 жылы бомбалағаны үшін кешірген жоқ, ал 62% -ы одақтың кешірімін қабылдамас еді. Ел азаматтарының 84%-ы Сербияның НАТО-ға кіруіне қарсылық білдіреді, ал 68% -ы НАТО-мен ынтымақтастық болашақта пайдалы деп есептемейді.