Павлодарда декретте отырған үш әйел кітап жазып шығарды
Үш ана біріге отырып, балаларға арналған, иллюстрациясы көп кітап жазып шығарды
Әсем Бақытова – Павлодар облысында дүниеге келген тілші, деп хабарлайды «Казинформ» сайты. Әсем – бүгінде үш ұл баланы тәрбиелеп отырған ана. Соған қарамастан, бөлтірік, көжек және кірпінің баласының оқиғасын баяндайтын балаларға арналған кітап жазып шығарған.
Ал Юлия Тян есімді әйел көркем сурет, компьютерлік графикамен әуестенеді. Юлия Әсемнің кітабына сурет салып, илююстрация жасап беруге келіскен. Ал үшінші ана «АлСафи» атты баспаның басшысы болып шыққан.
Ана жазушы, Қазақстанда балаларға арналған кітаптың аз екендігін айтады.
- Қазақстанда баспа саласы мүлдем дамымаған, - дейді ол.
Оның ойынша, күрделі, астыртын, шытырман сюжетті кітаптар көп жазылғанда жасөспірімдер мен балалардың кітапқа деген қызығушылығы артар еді.