Өскемендегі көшелер жабылады
Қазақстан Тәуелсіздігі күніне орай өткізілетін мерекелік шараларға байланысты Өскемен қаласындағы кейбір көшелер жабылмақ
Көшелер екі күн бойы жабық болады. 15 желтоқсан күні Орджоникидзе мен М.Горький көшелерінен бастап Республика алаңына дейінгі жол жабылады.
Ал 16 желтоқсан күні сағат 7.00-ден 14.00-ге дейін Қазақстан көшесі (Қабанбай батырдан бастап Қ.Қайсеновқа дейін), М.Горький (Пермитинадан бастап Головковаға дейін), Орджоникидзе көшелерінде көлік қозғалысы тоқтатылады.
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар:
Дороги в Усть-Каменогорске День Независимости Республики Казахстан 



