Бозымбаев: «Жазға дейін ұшақтар керосинмен қамтылады»
Жазға дейін республикалық ұшақтар толықтай қазақстандық керосинмен қамтылады
ҚР өзін-өзі әуе керосинімен қашан толық қамтамасыз ететіні туралы энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтып өтті.
- 2018 жылдың екінші жартысына дейін өз-өзімізді отынмен 100 пайызға қамтитын боламыз. Сол сияқты оның құнына да ықпал етеміз. «Астана» Халықаралық қаржы орталығының таныстырылымы белгіленген шілде айына дейін, еліміз толықтай әуе керосинімен қамтамасыз етіледі, - дейді министр «ЭКСПО-2017 Мұрасы» дөңгелек үстелі барысында.
Бүгінгі таңда Қазақстанның барлық әуелайнерлері жылына 650 мың тонна әуекеросинін пайдаланады. Мұнымен қоса ел төңірегінде оның 300-320 мың тоннасы өндіріледі.
Министрдің айтуынша, павлодарлық мұнай өңдеу зауытында сібір мұнайы қолданылып келген. Ал қазір башқұрт мұнайы пайдаланылады. Олардың құрамындағы күкірт мөлшері әртүрлі болғандықтан МӨЗ сапалы әуе отынын шығара алмаған.
Ағымдағы жылы Павлодар және Атырау МӨЗ, келесі жылы Шымкенттік МӨЗ модернизациядан өтеді. Үш МӨЗ жылына 900 мың тонна әуе отынын өндіретін болады.