Халықтың ХҚКО-ға сенімін жоғалтып алмауымыз керек – Д.Абаев
Біз халықтың Халыққа қызмет көрсету орталықтарына деген сенімін жоғалтып алмауымыз керек. Бұл туралы ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев хабарлады, делінген www.strategy2050.kz сайтында.
- Бұл өте маңызды қадам, барлығы жауапкершілікті түсінеді. Біз халықтың Халыққа қызмет көрсету орталықтарына деген сенімін жоғалтып алмауымыз керек. Менің ойымша бұл шара барлығымызды біріктіріп, тағы да сараптамадан өткізуге және нақты ақпарат беруге мүмкіндік береді деген ойдамын, - деді Д. Абаев.
Министр «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік коорпарациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспановқа орынбасарына сөгіс беруді тапсырды.
Бұдан басқа, мұндай жағдай қайталанбас үшін он күн ішінде коорпарацияға нақты ұсыныс даярлау тапсырылды.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы тұрғыны қалалық ХҚКО қызметкері банк қызметкеріне ол туралы ақпарат бергенін кездейсоқ біліп қалған. Қоорпорациядан мұндай жағдайға жол бермеу керек, кінәлілер жауапқа тартылады деп хабарлады.