ҚР Үкіметі тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейтпек
Қазақстанда жарнама таратудың талаптарын күшейтпек
Сонымен қатар құрылыс нормаларымен қарастырылмаған, «Бизнес», «Элит», «Эконом» санаттары секілді, тұрғызылып жатқан тұрғын үйлердің сыныптамасына жарнама жасауға, сонымен қоса, биологиялық белсенді қоспалардың жарнамасын орналастыруға тыйым салынған, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрі сайты.
ҚР ұлттық экономика министрлігі жекелеген тауар нарықтарында тұтынушылардың құқықтарын қорғау мен электронды сауда қатысушыларының қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын сақтау кепілдіктерін айқындау арқылы реттеу жұмыстарын күшейтуді жоспарлауда. Жарнама жариялау, соның ішінде, оны орналастыру уақыты, анықтығы мен тауарлардың тұтынушылық қасиеттері бойынша талаптарды күшейту көзделген.
Ұлттық заңнама тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерін реттейтін шетелдік нормалар мен ережелерге сәйкес келтіріледі. Кәсіпкерлік субъектілерінің сапа стандарттары мен тауарлардың қауіпсіздігін қадағалау бойынша жауапкершіліктері күшейтіледі.
ҚР ҰЭМ-нің жүргізіп отырған жұмыстарында тұтынушылық сауаттылық, сондай-ақ, тұтынушылардың азаматтық белсенділігінің деңгейін арттыруға және олардың тауарлар, құқықтары мен міндеттері туралы ақпараттануына ерекше көңіл бөлінеді.
Үкімет отырысының мәселелерін қарау қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Ұлттық экономика министрлігіне, орталық және жергілікті атқарушы органдарға тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша белсенді шаралар қолданып, халыққа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұтынушылардың құқықтары туралы кеңінен ақпарат таратуды тапсырды.